Body: 

2018 жылдың 9 қараша күні Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай колледж ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!»атты «Көңілді тапқырлар клубы» байқауы өтті. Көңілді тапқырлар байқауының шымылдығын «Астана жастары» КММ-нің ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ерментаев Аян Бауыржанұлы Астананың 20 жылдығымен құттықтап, ұстаздар мен студенттер арасында өткізіліп отырған сайысқа қатысушы командаларға сәт сапар тіледі.
Байқаудың мақсаты жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық рухты көтеретін өнерді насихаттау, Астана қаласының 20 жылда жеткен жетістігін ұстаз бен студент өнер арқылы көрсету.
Байқаудың шарты бойынша қатысушы әр команда сәлемдесу, үй тапсырмасы және музыкалық салемдеме түрлері бойынша сайысқа түсті. Байқауда 6 команда қатысып, бақ сынады.
Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде «Байланыс құрамасы» командасы, І орын «Брэнд» командасы, ІІ орын «Энерджмент» командасы, ал ІІІ орын студенттер үйінен құрылған «Шаңырақ-2» командасына берілді. Алғыс хатпен «Тарихта бар» мен «Талғампаздар» командасы ие болды. Қатысқан командаларға байқаудың дипломдары табыс етілді.


А.Далабаева