Body: 

2018 жылдың 14 қараша күні сағат 11.00-де барлық өңірде бір мезетте жалпыхалықтық диктант өткізуге байланысты Астана қаласының «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК-да «Рухани жаңғыру» тақырыбында 800 студент, 10 оқытушы латын графикасында диктант жазуға қатысып, латын әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуіне өз үлестерін қосты.
Шараның мақсаты - жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.
Латын қарпіне көшу жастардың білім мен ғылым жолындағы ізденістеріне жол ашады.



Г.Базилбаева