Body: 

Астана қаласының «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК Астана қаласындағы мектеп түлектерін кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін колледжге шақырады. Экскурсия кезінде олар колледждің барлық мамандықтары, материалдық-техникалық базасы туралы ақпарат алады. Студенттер мен оқытушылармен танысады. Заманауи жабдықтармен жабдықталған аудиториялар мен зертханалар, сондай-ақ спорттық және тренажер залдарына барады. Мұражайда балалар колледждің 75 жылдық тарихымен танысады.
2018 жылдың қараша айынан бастап колледжге: №64 мектеп-лицейі, №62 мектеп-лицейі, №22 мектеп-гимназиясы, Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы, №69 мектеп-гимназиясы, № 26 мектеп-гимназиясы, № 36 орта мектептен оқушылар келді. Олар телекоммуникация, теміржол көлігі, энергетика және байланыс саласындағы мамандықтар туралы қызыға тыңдады.
Біз әрдайым біздің үміткерлерімізді көруге қуаныштымыз - бізде айтатын және көрсететін нәрсе бар. Болашақ студенттер үшін колледждің есігі әрдайым ашық!


А. Молдаш