Body: 

2019 жылғы 15 наурызда Көлік және коммуникация колледжі студенттерімен Астана қаласы ТЖД басқармасының «Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызметті басқару» аға инженері, аға лейтенант Д. Б Өміржанмен "Өрт қауіпсіздігі" тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті өткізу мақсаты - студенттер арасында өрттердің алдын алу тиімділігін арттыру бойынша жұмыстарды оқыту қағидалары және өрт қауіпсіздігі, өртке қарсы білімді насихаттау болып табылады.
Дәрісті өткізу кезінде аға лейтенант Д. Б Өміржан «Астана қаласы ТЖД басқармасының өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық жұмыстардың алдын-алу» шараларына келесі бағыттар бойынша назар аударды:
1. Өрт қауіпсіздігі Ережелерін оқыту, бейнеролик, слайд арқылы өрт және басқа да төтенше жағдайлардағы іс- әрекеттерді үйрету;
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу;
3. Оттан абай болу дағдыларын қалыптастыру, өртке қауіпті заттарды сөндіру құралдарын қолдана білу.

 

 

Ж.Есентаева