Body: 

2019 жылғы 13 наурызда «Автоконсультант» ЖК өкілі Алиманов пен 1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандығының түлектерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында компанияның өкілі колледж түлектеріне автосервистің шеберлері- кеңесшілерін даярлау курстарынан өтуді ұсынды. Жеделдетіп оқыту әдістемесі - қысқа мерзімде жаңа кәсіптің шебер-кеңесшісі лауазымдарын меңгеруге мүмкіндік береді. Курсты бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру мүмкіндігі бар. Кездесудің соңында компанияның өкілі кездесуді ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

А.Молдаш