Body: 

2019 жылғы 01 қараша күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінде «Бүркіт» әскери-патриоттық және спорттық клубы 75 жылдық мерей тойына орай «75- игі істер» іс-шарасы аясында қалалық колледждер арасында «Жау жүрек мың бала» атты дене шынықтыру дайындық сайысы өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты: өскелең ұрпақ арасында әскери-патриоттық тәрбиені арттыру және «Айбын-2020» республикалық әскери-патриоттық жиынына іріктеу жасау.
Ту ұстаушы Бериков Алишер және оның асистенттері Жүсіпбеков Мақсат, Жамбырбаев Алибек ту шығарды! Колледждің «Жас сарбаз» тобына кірген 1ПМ-219 тобы және «Бүркіт» әскери-патриоттық клубының взвод командирі Дүйсенбаев Ильяс қоян қолтық ұрыс қарусыз және қарумен баршаға өнер көрсетті.
Бұл сайыста қала колледждерінен 6 команда бақтарын сынады. Әр команданың құрамында 7 студент, оның ішінде 5 ұл бала, 2 қыз бала. Жарыс 5 жаттығудан тұрды.
Жарыс қорытындысы бойынша Жоғары көлік және коммуникация колледжінің «Бүркіт» әскери-патриоттық клубы жалпы командалық есепте Бас жүлдеге ие болды, ал 2орынға ЕАГИ колледжінің командасы, 3 орынды Көпбейінді колледжінің және КазУТБ колледжінің командалары бөліп алды. Қалиев Дархан «Тізеден отырған қалыпта жоғары секіру, қол желкеде, аяқты ауыстыра секіру» жаттығуынан, Дулат Асылбек «Қолды тіреп жатып бүгу, жазу» жаттығуынан, Сарбай Алиби «Қолды тіреп отырып, қолмен тіреліп жатқан қалпына барып секіре оралу» жаттығуынан, Жабагенова Карина «Шалқасынан жатқан күйде денені көтеру» жаттығуынан БІРІНШІ орын алды.
Соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Мырзагалиева сөз алып, студенттерді осындай қоғамдық және патриоттық іс-шараларға жиі қатысуға, Отанды сүйіп, құрметтеуге шақырып, осындай іс-шаралар ұйымдастырып отырған алғашқы әскери дайындығының оқытушыларына алғыс білдірді.

Мырзагалиева Г.Г.