Body: 

2019 жылғы 6 қарашада Жоғары көлік және коммуникация колледжінде Нұр-Сұлтан қаласының №14 мектеп-гимназиясының 9 "В" сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқытушылар колледждің мамандықтары, қабылдау ережелері мен оқыту тәжірибесі, әлеуметтік серіктестері туралы айтты.
Материалдық-техникалық базасын көрсетті. Оқушылар "Радиоэлектроника және байланыс", "Энергоменеджмент", "Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету" мамандықтар бойынша заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған зертханалар және т. б. спорттық және жаттығу залдары, шеберханалармен танысты.
Мұражайда колледждің 75 жылдық тарихы,жетістіктері мен түлектері туралы айтылды.
Оқушылар колледж туралы, оның мамандықтары, телекоммуникация және темір жол көлігі, энергетика және байланыс салаларындағы қызықты ақпараттарды тыңдады.
Болашақ талапкерлерге біздің колледждің есіктері әрқашан ашық!

А. Молдаш