Body: 

2020 жылғы 05 ақпанда Жоғары көлік және коммуникация колледжінің ұйымдастыруымен "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндігі аясында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру" атты қалалық семинар өтті. Осы іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының өкілдері, "Жүректер үндестігі" қауымдастық мүшелері, Нұр –Сұлтан қаласындағы өзін-өзі тану пәнінің оқытушылары қатысты. Семинар колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы және Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Сұлтан Әзімбай Нұржамал Кәрімбердиевнаның құттықтау сөзімен ашылды.

Семинар барысында Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарында "Өзін - өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шарттары талқыланды. "Өрлеу" БАҰО"АҚФ "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының тренері Г.Қ.Даулетбаева барлық ақпараттарды толығымен баяндап берді. Қаланың оқу орындары арасынан №22 мектеп – гимназиясы директорының орынбасары Т.М.Столярова, №54 орта мектептен Ш.С.Абельгазина, гуманитарлық колледжден Г.С. Кундебекова өзін-өзі тану пәнінің оқытушылары ретінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Оның ішінде №21 орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Л.С.Темірова позитивті көңіл-күймен өткізді. Барлық баяндамалар ашық және мазмұнды презентациялармен көрсетілді. Іс-шараның қорытындысы бойынша Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері А.А.Назарбаеваға сөз берілді. Ол қалалық іс-шараның жоғары деңгейде өткізілгенін атап өтті
Семинарға қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, колледж ұжымына алғыстарын білдірді.
Іс-шара "Жан досым"әнімен аяқтады. Сонымен қатар, осы іс-шараға РЭС -118 тобының студенттері және 1 курс студенті Баеке Жансая қатысып, қолдау көрсетті.

Әдіскер С.Хайруллина