Колледж туралы

1945 жылдың мамыр айында қозғалыс және жүк жұмысы – қозғалыс және жүк жұмысы технигі; Паровоз шаруашылығы – паровоз шаруашылығының технигі бойынша мамандықтарға темір жол техникумына оқушыларды қабылдау туралы хабарландыру жарияланды.

1945 жылы сырттай оқу бөлімі оқытуды бастады. 1949 жылы – 105 оқушылар бірінші бітірушілер болды. 1957-1958 жылдарда оқу ғимаратымен және жатақханасына қайта құру жұмысы жүргізіліп, үшінші қабаты салынды. 1959 жылы «Темір жол құрылысы. Жол және жол шаруашылығы» (С-1 топ) бөлімі ұйымдастырылды. 1957 жылдан бастап тепловоз техниктерін (Т-1 топ) даярлау жұмысы басталды. 1961 жылдан бастап «Көтергіш көлік жол құрылысы көліктері мен жабдықтарын техникалық жөндеу және көмек көрсету» (ПМ-1 топ) / алғашқы атауы «Жол және құрылыс машиналары мен жабдықтары» бөлімі ашылды. 1972 жылдан бастап «Темір жол көлігіндегі жүк жұмыстарын механикаландыру» (М-1 топ) бөлімі. 1977 жылдан бастап электровоз шаруашылығындағы электромеханик – техниктерді (ЭТ-1 топ) даярлау басталды.1991 жылдан бастап күндізгі бөлімде электрмен қамтамасыз ету (ЭН-1 топ); Автоматты электр байланысы (АС-1 топ) 1994 жылы; Көпканалды электр байланысы (МС-1топ) 1994 жылы; «Темір жол көлігіндегі коммерциялық қызметі» (К-1 топ) 1998 жылы; «Электр байланысы» (ТС-1 топ) 1998 жылы; «Экономика, темір жол көлігіндегі бақылау және бухгалтерлік есеп» (Б-1топ) 1998 жылы; «Автомобиль жолдарын және аэродромдарды салу» (СД-1топ). 2003 жылы «Пошталық байланыс» (ПС-1 топ) жаңа мамандықты дайындау басталды. 1997 жылдың 8 мамырында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №814 қаулысымен Ақмола темір жол көлік техникумы көлік және коммуникация колледжі болып өзгертілді.

    Колледж құрылғаннан бері директор болғандар:
  • Иван Филаронович Шиманский – 1945-1946 жж
  • Василий Иванович Аверкиев –1946-1965жж
  • Вячеслав Викторович Ольхов – 1965-1967жж
  • Иннокентий Васильевич Топорков – 1967-1968жж
  • Сапар Нугманович Мустафин – 1968-1977жж
  • Борис Петрович Вахрамов – 1977-1981жж
  • Валентин Владимирович Сорокин – 1981-1995жж
  • Женис Курмангалиевич Жакупбеков– 1995 – 2008жж
  • Алибек Усербаевич Кувандыков– 2008-2013жж
  • Зулфухар Султанович Гаипов 2013 жылдан бастап

Колледждің 13 компьютерлік класы, 3 лингафонмен жабдықталған класы, мультимедиялық жабдығы, ғаламтор, жергілікті желісі, Веб-сайты бар 13 интерактивті кластан, арнайы пәндер бойынша қолданыстағы 5 үлгі-зертханасы, кітапханасы, оқу, мәжіліс, спорт, тренажер залдары және басқа заманауи материалдық-техникалық базасы бар. 120-ға жуық жоғары білікті оқытушы мен қызметкер тәжірибелік дағды мен өмір бойы ізденуде терең білім береді. Олар Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім берудің жалпыға бірдей міндетті 5 мемлекеттік стандарты әзірледі. 2008 жылы колледж базасында ҚР БҒМ көлік саласынан 5 мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі құрылды.

Колледжде оқыту түрі: күндізгі және сырттай. Қабылдау емтихандары тестілеу түрінде математика және казақ тілі (орыс тілі) бойынша негізгі орта білім базасында өтеді, жалпы орта білім базасында БҰТ нәтижелері 3 пән бойынша: математика, қазақ тілі (орыс тілі), Қазақстан тарихы 30 балдан кем болмауы қажет.

Бүгінгі таңда Астана қаласының «Көлік және коммуникация колледжі» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорны көлік саласында Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім берудің бастапқы оқу орны болып саналады. 70 жыл ішінде жоғары білікті мамандарды даярлауда және тұрғындарға білім беру қызметтерін ұсынады. Жарты ғасырдан аса колледж білім беру қызметінде көлік саласына арналған 15 мың орта буын мамандары дайындады.

«Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыруда колледж оқытушылар мен студенттерді болашақ шығармашылыққа оқу процесінде және қабілеттілігін қалыптастыруда білімді жетілдіру, инновациялық технологияларды енгізу, ғылым және тәжірибе интеграциясы, оқу басекелестігі маңызды міңдеті деп санайды.

    Көлік және коммуникация колледжінің басым міндеттері:
  • тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін, адамгершілік негіздерін және салауатты өмір салтын берік қалыптастыруды дамыту;
  • азаматтық және отаншылдыққа тәрбиелеуге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін ардақ тұтуға, әрбір конституцияға қарсы және қоғамға қарсы белсенділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу;
  • басекелес еңбек нарығында білікті мамандарды даярлау болып табылады.