Body: 





Отступ первой строки


Добавил(а) Администратор 05 июля 2020 г.



#Elbasymenbirge Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мерейтойына АРНАУ

Нұр ағам, азамат қой жүзі жарқын,
Нағыз қазақ – сақтаған тілін, салтын.
Ол қайраткер – ғасырда дара туған,
Жұмыр жерге танытқан қазақ халқын.

Ол теңелер арыстар арысына,
Дем берейік Елбасы табысына,
Елі үшін еңбегі ерен Нұр ағамның,
Бергені мол кездескен не бір сында.

Ол өткір тұлғалардың алдыаспаны,
Елге қажет бейбіт өмір жалғасқаны,
Алтынды қолда барда бағалайық,
Қолдайық Нұр ағадай нарқасқаны.

Арқасында еңбектің маңдай тердің
Бақ болып, қазағыма өзің келдің
Сындарлы саясаттың жолыменен
Қазағым қатарында елу елдің.

Қол бастаған қас батырдай түрің бөлек
Ойында ел тағдыры жалғыз тілек
Құтты болғай мерейтой қадам басқан
Бір Алла Нұр ағама болсын тірек!





Зулфухар Сұлтанұлы Ғайыпов, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры, саяси ғылымдар докторы, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты.