Body: 





04.01.2022

Президент саясатын толық қолдаймыз!

Президентiмiз Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты ұстанған ұстанымы мен саясатын толықтай қолдаймыз.

Ел болып күшiмiз бiрлiкте екенiн кɵрсетейік! Дана халқымызда «Бегі халқына, халқы бегіне сенген ел мәңгі жасайды» деген қанатты сөз бар. Ел мен биліктің бірлігі ажырамасын. Қара шаңырақ – Қазақстанымыздың мықты боп, қарыштап дамуы əлi алда. Біз оған кәміл сенеміз.

Елiмiздiң тыныштығы үшiн күресiп, жанын құрбан еткен тəртiп сақшылары мен əскери қызметкерлеріміздің отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып кɵңiл айтамыз. Елiмiзге тɵнген қауiптен толықтай тазарып, келген қиындықтарды парасаттылықпен, үлкен тəртiппен шешуге күш-қайрат және үлкен сабыр берсiн. Елдің күші – бiрлікте!




Зулфухар Гаипов,
Көлік және коммуникациялар колледжінің директоры