Body: 





04.03.2022

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым

2022 жылдың 4 наурыз күні көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін Жоғары көлік және коммуникация колледжі жоғары деңгейде қарсы алды. Мерекелік іс – шара қазақтың «Шаттық» биімен ашылды.

Мерекелік концертті саяси ғылымдарының докторы, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорлар кеңесінің төрағасы, колледж директоры Ғайыпов Зулфухар Сұлтанұлы құттықтау сөзінде әйел-аналардың, ұлағатты ұстаздардың, кейінгі жас буынның колледждің ілгерілеуіне қосып отырған айрықша үлестеріне арнайы тоқталып, өзінің жүрек жарды құттықтауын жолдады..

Мерекелік құттықтаудан кейін колледж директоры Нұр-Сұлтан қаласы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен Жапанова Раушан Еркенқызын және колледждің білім беру саласына қосқан үлестері үшін бір топ ұстаздарды колледж директорының «Алғыс хатымен» марапаттады.

Арайлап атқан нұрлы таңмен бәрге әрбір сәбидің жүрегі АНА деп соғады. Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, колледждің көркемдік жетекшісі Нұрболат Сейтмұратов жеке концертін тарту етті. Мерекелік концерттің қонақтары халықаралық байқаулардың лауреаты, Президенттің «Елбасы» стипендиясының иегері, әнші Бибарыс Алиш пен дәстүрлі әнші Нұртуған Ұлдана ән –жырдан шашу шашты. Концерттің соңында колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Нұрболат Сейтмұратовқа ықылас гүлімен, сый-сияпатын тарту етті. Мерекелік концерт жоғары деңгейде өткізіліп, колледж директоры және ұстаздар қауымы өз ризашылықтарын білдіріп, кеш соңында естелік суретке түсті.



Г.Мырзагалиева