Body: 





17.03.2022

Қош келдің – әз Наурыз!

2022 жылдың 17 наурызы күні колледжде «Қош келдің – әз Наурыз» атты Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай іс-шара өтті. Колледждің кіреберіс залында этноауыл орналасты. Мерекелік іс-шара барысында ұлттық ойындар көрсетілді. Ұлттық көріністерден кейін концерттік бағдарламамен жалғасты.

Мерекелік іс-шараны мың бұралған «Мерей» халық би ансамблінің бишілері қазақ биімен ашып, мерекенің шымылдығын колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлының құттықтау сөзімен басталды. Ұлыстың Ұлы күнінде бірлік пен ынтымағымыз мызғымай, жыл ырысты болуын тіледі.

Іс-шараның келесі бөлімі Марапаттау рәсіміне ұласты. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының Алғысымен – Мусина Кулян Абылхаковна, ал колледж директорының АЛҒЫС хатымен – Хайвхан Керейболат, Божгулова Асель Қайратқызы және Котиев Руслан Идрисович марапатталды.

Мерекелік концерті «Кең далам» әнімен Сейтмуратов Нурболат бастап, қонақ-кәде сыйлығын жасаған – Республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары, әншілер Бибарыс Алиш мен Нұртуған Ұлдана ән жырдан шашу шашты.

Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік концерттің шымылдығын Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен «Шабыт» квартеті тәмәмдады.

Іс-шара соныңда естелік суретке түсіп, арнайы жайылған мерекелік дастарханға жалғасты.



«Жастар» комитетінің инспекторы А.Ералханұлы