Body: 





31.03.2022

Наурыз – Думан

2022 жылғы 31 наурыз күні №2 студенттер үйінің тәрбиешілері мен студенттерінің уйымдастыруымен «Наурыз - Думан» атты мерекелік кеш өткізілді. Кеш қонағы- колледжіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Г.Мырзагалиева өзінің құттықтауын тебірене жеткізіп, ризашылығын білдірді.

Студенттер кешке өте тиянақты дайындалғандарын көрсетіп белсене ат салысты. Кеш барысында тақырыпқа сай әсем әндер орындалды, күйлер шертіліп, арасында нағыз ұлттық спорттық ойындар өткізілді. Кеш жүргізушілері Қожабеков Нұрбақыт пен Ящук Александрдың екі тілде бір-бірін толықтырып жүргізуі, кеш тақырыбын толығымен ашып, көрермендерін дән риза етті.

Өте әсерлі өткен мерекелік іс-шара соңында өнерпаздар мен залдағы көрермен бірігіп шырқаған, қазіргі күні студенттер үйінің гимніне айналған «Бір үйдің баласындай» әсерлі әнді шырқады, соңы биге ұласты.

Бұл кештің салтанатты өтуі де, ұлттық құндылықтарымызға деген ыстық ықыластың ғасырдан ғасырға жалғасын таба беретінінің бірден бір айғағы екенін көрсетті.



№2 Студенттер үйінің тәрбиешілері