Body: 





08.04.2022

BINOM мектебінде колледждер көрмесі

Бүгін колледж студенттері мен түлектерінің қауымдастығын ұйымдастыруымен BINOM мектебінде, колледждер көрмесі өтті. Біздің колледжде осы көрмеге қатысып, 9 сынып оқушыларына колледжіміздің барлық мамандықтарын таныстырып және емтихансыз оқуға түсуге болатынын жеткізді. Біздің колледж 14 түрлі мамандық бойынша 9-сыныптан кейін және 7 түрлі мамандық бойынша 11-сыныптан кейін қолданбалы бакалавриат бойынша мамандар дайындайды. Сондықтан барлық мектеп бітіруші түлектерді Жоғары көлік және коммуникация колледжіне оқуға түсуге шақырамыз. Біз сіздерді күтеміз!