Body: 





11.04.2022

Тағылымға толы тарих

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы, РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен, «Тағылымға толы тарих» атты апта бастау алған болатын. Осыған орай 11 сәуір күні колледжіміздегі Жас Сарбаз тәрбиеленушілері «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ рухани саяхат жасады.

Ғарышкерлер күнін атап өту мақсатында өткен экскурсия барысында Жас Сарбаздар «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ жалпы құрылымымен танысып, сол жерде жасалып шығарылатын техникалармен және технологиялармен танысты. Сонымен қатар ғимарат музейіне барып, ғарышкерлердің ғарыш кеңістігінде қолданған заттарын өз қолдарымен ұстап көрді.

«Қазақстан Ғарыш сапары» мекемесінде болған экскурсия өте қызықты және мазмұнды болды.



С.Бекболатұлы