Body: 





12.04.2022

Ұлттық спорттан жарыс

2022 жылдың 12 сәуір күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің спорт залында Сарыарқа аудандық әкімдігінің қолдауымен «2022 жыл - Балалар жылы» және «Нұр-Сұлтан есірткісіз қала» кешенді іс-шара жоспарына сай, «Наурыз мейрамы» мерекесін тойлау аясында колледжіміздің 1 курс студенттері арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Аталған жарыс қазақ күресі, асық ату, ләңгі тебу және тоғызқұмалақ ойындарынан өткізілді.

Жалпы жарыстың өткізілу мақсаты:
- Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту;
- Колледж студенттері арасында қазақтың ұлттық спортын дамыту, студенттерге салауатты өмір салтын насихаттау;
- Іс-шараға қатысушы студенттер арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

Жарысқа Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының маманы Хисматулин Дамир және Бұқаралық спорттық іс-шарасын өткізу дирекциясының спорт бөлімінің қызметкері Байлов Азамат қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орын алған жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.



Е.Байдильдин