Body: 





16.04.2022

Birge – taza Qazaqstan

16 сәуір күні «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттері мен қызметкерлері қатысты. «Біз таза қала үшін» ұранында өткен сенбіліктің мақсаты студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарды еңбекке баулу болды.

Тазалық барысында колледж аумағымен қатар жақын орналасқан шағын аудандар, жолдар, көлік тұрақтары, №1 және №2 студенттер үйінің аулалары толық тазартылды. Студенттер, оқытушылар және колледж қызыметкерлері толықтай еңбек құралдарымен қамтамасыз етіліп, белсенді жұмыс жасады.

Аталған шараға жалпы саны 700-ге жуық адам қатысты. Елордамыздың сәнін келтіруге тырысқан студенттеріміз бен оқытушыларымыздың күш-жігерін ынталандыру мақсатында сенбілік жұмыстары әсем әнмен өрнектеліп отырды.



ЖІК инспекторы А. Ералханұлы