Body: 





20.04.2022

" ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰРПАҚ" АТТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ X ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2022 жылғы 20 сәуірде колледжде "ХХІ ғасырдағы ғылым және жаңа ұрпақ" атты техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары студенттерінің X халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты - көлік-логистика жүйесі, сандық технологиялар мен ақпараттық жүйелердің өзекті мәселелері, энергетика және экологиялық қауіпсіздік саласындағы инновацияларды зерттеуге, сондай-ақ біздің мәдениетіміз бен идеологиямызды дамыту мәселелеріне студенттердің қызығушылығын ояту, ынталандыру.

Конференция жұмысы пленарлық мәжілістен басталды. Қонақтар мен қатысушыларға колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы құттықтау сөзін сөйледі. Ол қатысушыларға шығармашылық табыстар мен еңбектерін сәтті қорғап шығуға тілек білдірді Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы және Білім беруді жаңғырту орталығының басшысы Сабыржан Маратұлы Мадеев те студенттерге сәттілік тіледі.

Конференцияға 100-ден астам студенттік жұмыстар ұсынылды. Конференцияға қатысушылар арасында Ресей Федерациясы оқу орындарының өкілдері: Санкт-Петербург, Волгоград, Владикавказ, Курск, Новосибирск, Петрозаводск теміржол көлігі техникумдары, Санкт-Петербург тау-кен университеті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының студенттері қатысты.

Конференция жұмысы 7 секцияда 5 бағыт бойынша өткізілді. Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылды. Конференцияда ұсынылған жұмыстар қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жұмыстың мазмұнына қызығушылық танытты. Көптеген студенттер үшін конференцияға қатысу- ғылымға алғашқы қадам болды. Студенттердің баяндамалары қазіргі қоғамның және жалпы экономика салаларының өзекті мәселелерін қозғады. Зерттеулер жаңалық элементтерін қамтыды, ізденіс жұмыстары мен мәселені терең зерттеуге бағытталған. Студенттерге арналған конференцияға қатысу -бұл көпшілік алдында сөйлеу, олардың өз ойларын білдіру шеберлігін шыңдады.

Конференцияға Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, "Тұран Астана" университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, әлеуметтік серіктестер, Нұр – Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы, "Өрлеу "БАИ"АҚФ өкілдері құрамындағы құзыретті сарапшылары қатысушылардың жұмыстарын бағалады.

Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Үздік баяндамалары үшін Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының дипломдары, ғылыми жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.

Конференция жұмысына белсенді қатысқан колледж ұжымдары мен сарапшыларға Алғыс хаттар табысталды. Барлық жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына табыс тілейміз!



Әдіскер С. Хайруллина