Body: 





29.04.2022

"ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ СТУДЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ

2012 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ " Жоғары көлік және коммуникация колледжі" МКК және "Қазақстан темір жолы "Ұлттық компаниясы" АҚ арасында дуалды оқыту және өзара ынтымақтастық туралы келісім іске асырылуда.

Осы Келісім шеңберінде теміржол саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде

Өз тарапынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ мамандары білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, Қорытынды аттестация мен біліктілік емтиханын өткізуге қатысады. Тәжірибенің барлық түрін студенттер «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарының өндірістік алаңдарында өткізеді.

Сонымен қатар, ең белсенді студенттерді қолдау мақсатында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ 2021-2022 оқу жылына Қоғам Басқарма Төрағасының атаулы стипендиясын және Магистральдық грантты тағайындауға конкурс жариялады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысатын студенттерге, халықаралық және республикалық ғылыми конкурстардың жеңімпаздарына, сондай-ақ оқу орнының қоғамдық өміріне белсене қатысатын студенттерге басымдық берілді.

Біздің колледждің келісімшарт бойынша білім алатын топтарынан 11 студент өтініш білдірді. Олар конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, ағымдағы оқу жылының "Магистраль" грантына ие болды.

Студенттер мен ата-аналарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! «ҚТЖ» ҰК» АҚ табысты ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз!