Body: 





04.05.2022

ӘДІЛ СӨЙЛЕП, АДАЛ ЖҮР» атты суреттер байқауы және «ПАРА АЛУ- АРЫН САТУ» атты колледжішілік бейнеролик байқауы

2022 жылдың 4 мамыр күні. Г.М.Жанабаева жетекшілік ететін «Адал ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен 1курс студенттері арасында «ӘДІЛ СӨЙЛЕП, АДАЛ ЖҮР» атты суреттер байқауы және «ПАРА АЛУ- АРЫН САТУ» атты колледжішілік бейнеролик байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: жас ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Студенттер командаға бөлініп сайыс өткізді. Әр команда өздерінің жұмыстарын қорғап шықты. Іс - шараға 1ПМ-221,1СД-221, 1ОДД-221, 1ПОВТ-221 топтары қатысты.

Байқаудың қортындысы бойынша 1ПОВТ-221 тобы I орынға, II орынға 1ОДД-221 тобы, 1СД-221 III орынды және 1ПМ-221 тобы Алғыс хатпен марапатталды.