Body: 





06.05.2022

Ұлы Жеңіс жасасын!

2022 жылдың 6 мамыр күні колледж акт залында көңілдерге көктем шуағындай сезім емне нұр құйып, 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі мен Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 77 жыл толуына арналған «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты мерекелік концерт өтті. Мерекеге еңбек ардагерлері, колледж оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері қатысты.

Мерекелік концертті ашқан Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорлар кеңесінің төрағасы, колледж директоры Ғайыпов Зулфухар Сұлтанұлы 7 мамыр Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен және «Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер-қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» - деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың өтелмес парызы», - деген сөздерімен ашып, барша қауымды бұл елеулі мерекемен құттықтады.

Мереке қарсаңында колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлының алғыс хатымен бір қатар колледж оқытушылары мен қызметкерлері Естемесов Т.Н, Нургалиев С.І, Қожахметов Қ.Қ, Бұрхан Н.С марапатталды. Колледж басшылығы атынан еңбек ардагерлеріне азық-түлік пакеттері табыс етілді.

Әдемі безендірілген залда мерекелік көңіл-күй сезініп, жүргізушілер-Ұланбек Бақытұлы мен Александр Ящук көрермендердің көзайымына ие болды.

Мерекелік концерттің шымылдығын Мұқан Төлебаевтын «Кестелі орамал» әнімен Нұрболат Сеймұратов орындаса, Анатолий Новиковтың «Смуглянка» әнін Республикалық байқаулардың лауреаты Бауыржан Нұрымбетов орындады. Республикалық байқаулардың лауреаты Нұргүл Муслимова «Огонек» әнін нақышына келтіріп орындаса, Жазира Шаяхметова «Ана туралы баллада» әнін және Жанар Кабенова «Баллада о матери» әнін орындап берді.

Мерекелік іс-шара барша қауымға таныс әрі ыстық «Батырлар ұраны» әнімен аяқталды.

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал біздің ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қалады.



Нұрболат Сейтмұратов