Body: 





01.12.2022 г.

«Тәуелсіз елім -Қазақстаным»!

01.12.2022 жылы колледж кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында «Тәуелсіз елім - Қазақстаным» атты кітап көрмесіне оқырмандарға шолу өткізілді. Көрмеге еліміздің егемендік тарихындағы айтулы сәттерінен сыр шертетін және мемлекет құрылуының әртүрлі кезеңдерімен сәйкес келетін кітаптар қойылды.