КОЛЛЕДЖ ӘКІМШІЛІГІ 


Директор
Гаипов Зулфухар Султанович

   Зулфухар Сұлтанұлы - 1965 жылғы 3 қазан айында туған. Білімі жоғары, саяси ғылымдарының докторы. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Саясаттанушы, ғалым, ұстаз ретінде 130-ден аса ғылыми мақала, 2 оқулық пен 1 оқу құралы және 2 монографияның авторы. VI шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты.

   Еліміздегі білім мен ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Ғайыпов Зулфухар Сұлтанұлы Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қаласының әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталған.    Сонымен қатар бірнеше медальдармен «Ерлігі үшін» (2008ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.),«Батыр шапағаты-Алтын жұлдыз» (2012 ж.).Чернобыль АЭС апаттарын жоюға қатысқаны үшін «ЧАЭС-20 жыл», «ЧАЭС-25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды. Сонымен бірге, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығы және Астана қаласының «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК-нің 75 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен және 2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің үздік қызметкері» төсбелгісімен және 2015 жылы жас ұрпаққа білім беру ісіндегі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгі иегері атанды.
    2015 және 2017 жылдары басқарушылық шеберлігі мен мекемедегі ұйымдастырушылық қабілеті, қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылауына қосқан үлесі үшін «Экономика мақтанышы» орденімен , 2015 жылы Н.Ә. Назарбаевтың кандидатурасын қолдау бойынша ҚР Президентін сайлауға белсенді қатысқаны үшін ҚР Президентінің Алғыс хатымен, Экономика мен әлеуметтік сала, білім және ғылым салаларын дамытуға қосқан үлестері, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін «Құрмет орденімен» (2017ж.) және "Астана 20 жыл" мерекелік медалімен наградталды (2018ж.).    Сондай-ақ, 2019 жылы ҚР Президентінің сайлауында сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін Президент Қ-Ж.К.Тоқаевтың Алғыс хатымен, ҚР Жергілікті мемлекеттік басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Мәслихат депутаттары бірлестігінің «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» медалімен (2019ж.), және ҚР рухани бірлік пен этонсаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан еңбегі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен (2019ж.), марапатталды.


Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
Есенбекова Алтынай Есенбековна

   Есенбекова Алтынай Есенбековна - 1975 жылғы 26 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келді, отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.
    1992 жылы М.Лермонтов атындағы орта мектепті аяқталғаннан кейін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін "Математика"мамандығы бойынша бітірді.
    2016 жылы өндірістен қол үзбей отырып, "Тұран-Астана" университетін "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша "Техникалық ғылымдар магистрі" дәрежесі берілді.
    А. Е. Есенбекова өзінің еңбек жолын 1996 жылы Қостанай қаласындағы С.Мәуленов атындағы мектеп гимназиясында мұғалімі қызметінен бастады.
    2008 жылдан бастап Көлік және коммуникация колледжінде күндізгі және сырттай бөлімдердің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2016 жылы Қабылдау комиссиясының хатшысы болды.
    А.Е. Есенбекова - теміржол мамандықтары үшін "Кәсіби жұмыстардағы ақпараттық технологиялар", "Қолданбалы информатика" пәндері бойынша 10-нан астам типтік оқу бағдарламаларын әзірлеуші автор, ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының КДДБ тест тапсырмаларының сарапшысы және әзірлеуші. Астана қаласы бойынша Біліктілті арттыру институтының штаттан тыс дәріскері, ТжКБ ұйымының мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу аясындағы сарапшысы болды.
    2017 жылы "Кәсіпқор"Холдингі"ҰАҚ-да "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша бірлесіп орындаушы - сарапшы болды.
    Алтынай Есенбековна - қызметтегі жеткен жетістіктері үшін Астана қаласының Білім басқармасының алғыс хаттары мен мақтау қағаздарымен марапатталған. 2018 жылғы ақпан айынан бастап директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқаруда.


Директордың өндірістік
жұмыс бойынша орынбасары
Жунуспеков Омиргуль Хамзинович

   1976 жылдың 25 желтоқсанында Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ордабай ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Ақмола №1 кәсіптік училищесіне оқуға түседі және 1996 толық курсты аяқтай отырып, металды суық өңдеу бойынша технолог- технигі біліктілігін алды. 2000 жылы Алматы қаласындағы Көлік және коммуникация академиясына оқуға түседі және 2004 жылы Алматы қаласындағы ҚазККА «Вагондар» мамандығы бойынша тәмамдады. 1996 – 1998 жж. Астана қаласының №1 техникалық лицейінде өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеді. 1998 – 2000 жж. «Жас ұлан» Республикалық мектебінде өндірістік оқыту шебері. 2000 – 2004 жж. Астана қаласының №4 кәсіптік мектебінде өндірістік оқыту шебері қызметін атқарды. 2004 жылы «көлік және коммуникация колледжіне» МКҚК арнайы пәндер оқытушысы ретінде қызметке қабылданды. 2009 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың қыркүйегіне дейін бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2010 жылдың қыркүйегінен директордың оқу- өндірістік жұмыс бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды. Келесі марапаттары бар:
1. ҚР темір жол көлігі үшін білікті мамандар дайындағаны үшін ҚР Көлік және коммуникация министрінің алғыс хаты, 2004ж
2. Білікті мамандар дайындауға үлес қосқаны үшін Астана қаласының Білім басқармасының басшысының алғыс хаты, 2006ж.
3. Тәуелсіз Қазақстан жолының шынайы және әлеуметтік даму саласында жеткен жетістіктері және білім беруге қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрінің мақтау грамотасы, 2012ж.
4. ҚР білім беру құрметті қызметкері, 2015ж.

Үйленген, 3 баласы бар.


Директордың тәрбие
жұмысы бойынша орынбасары
Мырзагалиева Гульмира Галиаскаровна

   Мырзагалиева Гульмира Галиаскаровна 1977 жылы 14 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келген. 1994 жылы Теңіз орта мектебін аяқтағаннан кейін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша бітірді. 2018 жылы өндірістен қол үзбей С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білімін шыңдап, «Техника және технология магистрі» дәрежесі берілді.
    Г.Г.Мырзагалиева өзінің еңбек жолын 1998 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы А.С.Макаренко атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі қызметінен бастады. Аталмыш мектепте 2002 жылға дейін жұмыс жасап, 2002-2003 жылдары Қарағанды облысы, Сатпаев қаласындағы №2 орта мектепте қызметін жалғастырды. 2004-2007 жылдары Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы А.С.Макаренко атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі болып, сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2007 жылдан бастап Көлік және коммуникация колледжінде жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында Г.Г.Мырзагалиева «Жаратылыстану-математикалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, «Есеп және аудит, ПОВТ» және «Электрбайланыс және ПОВТ» бөлімдерінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
    Г.Г.Мырзагалиева – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы үшін «Сандық әдістер» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасын әзірлеуші автор. Гульмира Галиаскаровна ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында жалпы орта мектептерге арналған электрондық оқулыққа сараптама жасауға қатысты.
    Оның студенттері жыл сайын ТжКББ студенттері арасында математика пәнінен қалалық олимпиадаларға қатысып, жоғары нәтижелерді көрсетіп отыруда: І орын (2016 жылы – Кульбаев Диас, 2017 жылы - Кельдыбаева Маржан).
    2017 жылы математика пәнінің оқытушысы М.А.Жанбосыновамен бірлесіп «Математика пәнінен колледж студенттеріне арналған тапсырмалар жинағы» оқу құралын құрастырды және Астана қаласының Білім басқармасының шешімімен қалада колледж оқытушылары арасында таратуға рұқсат берілді.
    Гульмира Галиаскаровна қызметтегі жеткен жетістіктері үшін Астана қаласының Білім басқармасының алғыс хаттары мен мақтау қағаздарымен марапатталған.
    2019 жылғы қаңтар айынан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқаруда.
    Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.


Директордың әдістемелік
жұмысы бойынша орынбасары
Матвеева Лариса Ивановна

   Матвеева Лариса Ивановна- 1965 жылғы 21 желтоқсанда туылған.
    1988 жылы Алматы Теміржол көлігінің инженерлері институтын "Тасымалдау процестерімен басқару" мамандығының "Теміржол көлігін тасымалдау процестерімен басқару бойынша жолдарды хабарлау инженері" біліктілігі бойынша бітіріп шықты. Донецк (Украина КСРО) қаласында станция кезекшісі жұмысын атқарған.
    2000 жылы Астана қаласындағы Көлік және коммуникация колледжінің «Бухгалтер» мамандығын өндірістен қол үзбей жүріп бітіріп шықты.
    2010 жылы Л.И. Матвеева арнайы пәндер оқытушысының біліктілігі бойынша жоғары деңгейлі санатты иеленді.
    Көптеген жылдар бойы Л.И. Матвеева пәндік-циклдік комиссия төрайымы, бөлім меңгерушісі лауазымдарын атқарды. 2013 жылы Астана қаласындағы техникалық пәндер оқытушыларының қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі болды. 2015 жылғы қыркүйек айынан бастап, директордың оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары, «Қазақстан темір жолы»ҰК" АҚ біліктілікті көтерудің Республикалық курстарының лекторы болып тағайындалды.
    Л.И. Матвеева техникалық-кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, 1203000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және теміржол көлігінде қозғалысты басқару" мамандығы бойынша үлгілік оқу жоспары мен бағдарламасын, көлік және теміржол мамандықтарына арналған 20 жуық үлгілік оқу бағдарламаларын әзірледі.
    Теміржол саласының мамандықтарына арналған дуалді оқытуды енгізу бойынша эксперименттік оқу жоспарын әзірлеуге қатысты.
    Л.И. Матвеева «Эксперт» Ұлттық Ассоциациясының мүшесі, Тәуелсіз Қазақстан агенттігінің білім беру саласының сараптамашы, ҚР БжҒМ Республикалық ғылыми-әдістемелік орталықтың ОУПП тесттік тапсырмаларының сарапшысы.
    2014 жылы Республикалық оқыту және дамыту орталығы ұйымдастырған «Менің үздік презентациям» конкурсында 2 орынды иеленді.
    2014 жылы Республикалық "Үздік педагог" конкурсында 1 орынды иеленді.
    Лариса Ивановнаның жетістіктері: ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты, Астана қаласының Білім басқармасының алғыс хаттары, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының білім беру ұйымдарының грамоталары мен алғыс хаттары.


Директордың инновациялық- ақпараттық
технологиялар бойынша орынбасары
Видергольд Раиса Ивановна

   1972 жылы 23 қаңтарда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1989 жылы Ақмола қаласындағы №21 орта мектепті күміс медальға бітірді. 1989 жылдан 1994 жылға дейін Алматы көлік инженерлері институтының «Тасымалды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару» факультетінде білім алған. Оқуды тәмамдағаннан кейін Қазақстан Республикасының көлік министрлігінің жолдамасы бойынша Ақмола темір жол техникумына «Тасымалды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы ретінде жұмысқа қабылданды. Біліктілігі жоғары деңгейлі арнайы пәндердің жоғары санатты оқытушысы. Колледжде қызмет еткен кезінен бастап «Тасымалды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару» пәндік-циклдік комиссиясының төрайымы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2009 жылдан директордың инновациялық- ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары. Сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды белсенді қолданады. 1203000 «Тасымалды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарттарының құрастырушы- авторы және осы мамандық бойынша типтік оқу бағдарламаларының авторы. 2005 жылы Көлік және коммуникация министрінің мақтау грамотасымен марапатталған, 2010 жылы «Қазақстан темір жолы» АҚ президентінің мақтау грамотасымен, 2013 жылы Білім басқармасының Тамыз конференциясын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хатымен марапатталды.


Бас есепші
Алимгожина Жанар Саяхатовна

   1966 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. Қарағанды қаласындағы Қарағанды кооперативтік институтының «Есептік- экономикалық факультетінің 1987 жылғы түлегі. 1987 жылдан 1992 жылға дейін- тұтыну кооперациясы жүйесінде қызмет еткен, 1992 -2005 жж. ШҚО Семей қаласының салық комитетінде жұмыс істеген. 2006 - 2007 жж. «Unibersalconsalting» ЖШС - маман. 2007 - 2011 жж. Білім беру жүйесінде арнайы пәндер оқытушысы және қосымша ЖШС есепшісі қызметтерін атқарды. Көлік және коммуникация колледжінде 2009 жылдың қыркүйегінен қызмет етеді. 2011 жылдың сәуірінен колледж бухгалтериясында, 2011 жылдың тамызынан бас есепші. 2013 жылы ғылыми баяндамасы үшін, «ТКББ саласындағы әдістемелік жетістіктер» тақырыбындағы ғылыми- практикалық конференцияда I- орын алғаны үшін дипломмен марапатталды. 0518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша) мамадығына 10-нан астам әдістемелік нұсқаулықтардың авторы. Білім беру саласындағы басқарушы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру Республикалық институтының № 0279794 сертификатының (e-Leaning) иесі, Астана қ, 2011 жыл. 0518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша) мамандығына ТКББ МЖБС дайындауға үлес қосқан. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. Тұрмыста, екі баласы бар.