Body: 





25.01.2023 г.

№ 2 студент үйінің студенттерімен құқықтық білім бойынша ойын өткізілді!

25. 01.2023 жылы әлеуметтік педагогтар К. А. Мусина және жатақхана тәрбиешісі А. Тұралиевамен, № 2 студент үйінің студенттерімен құқықтық білім бойынша ойын өткізілді. Ойын барысында студенттер өздерінің құқықтары мен міндеттерін еске алып, құқық бұзушылық немесе қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік түрлерімен танысты. Ситуациялық ойындар мен викториналар баланың құқықтары туралы көбірек білуге және студенттерге алған білімдерін бекітуге көмектесті. Жағдайларды талдау барысында олар қолданыстағы заңнаманы қолдануды, заңдарды құрметтеуді және өз құқықтарын қорғауды үйренді. Ойын барысында барлық студенттер белсенді болды.