Body: 





29.03.2023 г.

«Әдеби кейіпкерлермен бәрге саяхаттаймыз» виртуалдыы шолу.

2023 жылдың 29 науырызында ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК кітапханасында, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз» тақырыбында виртуалды шолу өткізілді. Бұл шараға Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А. Орынбаева мен 1ОПУД-222 тобының студенттері қатыстырылды. Шара барысында студенттерге Қазақ жазушыларының (О Асқар, Ш Мұртазаның, Л Қоныс, А Кемелбаева, М Сәрсекеевтің, Ж. Әбдірештің) шығармаларынан үзінділер оқылып, студенттер осы үзінді кімнің және қандай шығарма дегенге жауап берді. Сонымен қоса О. Бөкейдің шығармаларын оқуға насихаттайтын видео көрсетіліп, шығарманы оқыған студенттердің пікірлері тыңдалды және Абай туралы фильм көрсетілді. Шара соңында кітапхана қорына келіп түскен көркем әдебиеттерге шолу жасалды.
Кітапханашы М.Омарова.