Body: 





25.04.2023 г.

«Кітапты бірге оқимыз» библио кросс

2023 жылдың 25 сәуір күні, Жоғарғы Көлік және коммуникация колледж кітапханасында, «Кітапты бірге оқимыз» библио кросс іс – шарасы өткізілді. Шараға 1С – 222 тобының студенттері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Орынова қатысты. Библио кросс шарасының өткізілу ережесі бойынша өзім оқыған кітапты қысқаша байындап оқырмандарға оқуға ұсынукерек. Шара барысында «Бір ел бір кітап» акциясы бойынша үстіміздегі жылы оқуға таңдап алынған Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасы желісінде түсірілген фильм көрсетілді, колледж психологы Ғ. Универқызы өзінің оқыған кітабы Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабының қысқаша мазмұнын айтып өзіне ой түйген тұстарына тоқталып өтті. 1М-222 тобының студенті А. Дулатова өзінің оқыған А.Беляевтің «Человек – амфибия» кітабы туралы баяндады. 1М -222 тобының студенті А.Жорабаева Н. Бермузаевтың «Бақыттың кілті жанұя» шығармасының қысқаша мазмұнын айтып шығарманы оқығанда алған әсерімен бөлісті. Сонымен қоса О Бөкейдің шығармалары «Атау кере», «Апамның астауы» шығармаларының желісі бойынша түсірілген видео фильмдер көрсетілді. Шара барысында студенттер ортаға салынған шығармаларға деген қызығушылықтарын білдіріп өз сұрақтарын қойып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды. Шара соңында 1С – 222 тобының студенті А.Жақия А.Беляевтің «Человек – амфибия» кітабын және осы тақырыптағы бірнеше кітаптар оқығандығы туралы айтып берді.
Кітапханашы: Омарова М.