Body: 





27.04.2023 г.

2023 жылдың 27-сәуірінде колледжде кафедра меңгерушілерімен әдістемелік кеңестің кезекті №5 отырысы өткізілді. Отырыстың күн тәртібінде: Педагогикалық оқулардағы бірегей тақырыптарды тереңірек талқыға салу; Кафедралар өткізген апталықтары бойынша есептері; 2022-2023 оқу жылы барысында оқытушылар мен студенттердің байқауларға қатысуы және 2023-2024 оқу жылында аттестаттаудан өтетін оқытушылар туралы ақпараттар тыңдалды.
Колледж бойынша студенттер контингентін конференцияларға, байқауларға, конкурстарға тарту жұмыстарының нәтижесі туралы топ жетекшілерінің ӘБ төрағасы Ж.Кабенова баяндады.
Әртүрлі мәселеде Ж.Есентаева оқу пәні бойынша үйірме жұмысының ұйымдастырылуы мен студенттердің орындаған жұмыстары жайлы бейнебаян көрсетіп, нәтижелерін айтып берді.

Әдіскер: Ж.Мылтыкбаева