Body: 





15.05.2023 г.

Менің сүйікті кітабым» акциясы

Менің сүйікті кітабым» акциясы

2023 жылдың 19 мамырында Жоғарғы Көлік және коммуникация колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедра оқытушылары Г.Ахметова мен Г.Базилбаева ұйымдастыруымен «Менің сүйікті кітабым» акциясы өтті. Іс-шараға 1РЭТ-222 және 1Л-222 топтарының студенттері қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты – бұл кітапхананы танымал етіп, студенттерді кітап оқуға қызықтыру, жастарда рухани, адамгершлік және эстетикалық қасиеттерді қалыптастыру.
Акция қатысушылары өздерінің сүйікті шығармалары туралы, олардан алған әсерлері туралы айтып, үнаған үзінділерін оқып бөлісті.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және біздің жаңа болатын жобаларымызға қатысуға шақырамыз!

Жунусова Г.Б.