Body: 

2016 жылғы 30 қазанда «Жастар» сарайында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы және «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – барлық салада» атты мемлекеттік қызметкерлер арасында жайдарман сайысы өтті.

Жайдарманға колледждің атынан жас мамандардан құралған «Теміржолшылар» командасы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша колледж құрамасы Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Т.Қышқашбаевтың алғыс хатымен марапатталды. Ал ерекше әзілдерімен көзге түскен «Экономикалық пәндер» кафедрасының оқытушысы Т.Естемесов «Үздік ойыншы» атағына ие болды.


А. Мурзабаева