Body: 

2016 жылғы 5 қарашада ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы оқу орындарының арасында II қалалық дебат турнирі өткізілді. Турнирге қалалық колледждерден 17 команда қатысты.


Нәтижесінде колледждің «АКТК тарландары» командасы Астана қаласының Білім басқармасы басшысы Қ.Сенғазыев пен ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының директоры А.Сағынғалидің І дәрежелі дипломы және алтын медалінің иегерлері атанды.

Команда құрамасындағы Қайрат Түйешов, Нурхат пен Ерхат Елубаевтарды жеңістерімен құттықтай отырып, болашақта тек қана биік белестерден көрінулеріне тілектеспіз!

Б.Журкабаев