Body: 

Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылатын № 1 жатақханада тұратын студенттерге арнау кеші 2016 жылғы 8 қарашада өткізілді.

Кештің барысында бірінші курс студенттері салтанатты түрде ант қабылдады. Мерекелік кеште әуенді ән,түрлі халықтың биі, мәнерлеп өлең оқу, флешмоб, әзіл әлеміне саяхаттау, көрермендермен ойындар ұйымдастырылды. Жатақхана студенттері тек колледж қабырғасында білім алып қана қоймай, қоғам өміріне белсене араласып, өзіндік үлестерін қосып келе жатқан жігерлі де, қайратты жастар екендіктерін дәлелдеп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Студенттер қатарына қабылдау мерекесі жақсы тілектерге толы болып, тамаша би кешімен аяқталды.

А.Туралиева