1306000 – «Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)»

Біліктілігі:"Байланыс бойынша техник", оқыту тілі - мемлекеттік, орыс.
«Байланыс технигінің» қызмет көрсету аясы:
Телефон, радиобайланыс және радиохабар, телевидение, фототелеграф, бейнетелефон, есептеу орталықтарынан сандық деректерді беру, жасанды спутниктер арқылы ғарыштық байланыс .
Қызметтік өсуінің ерекшеліктері: Қазіргі уақытта инженер мамандығы еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. ІТ-технологиялармен жұмыс жүргізетін көптеген компаниялар білікті мамандарға мұқтаж. Бұл маманның лауазымдық өсуі ұйымдастыру масштабы мен еңбек ақысының көтерілуіне байланысты болады. Келешекте лауазымы өсу мүмкіндігі бар. Байланыс технигі телефон коммутациясы жүйелерін пайдалану мен техникалық қызмет көрсету жұмысы үшін дайындалады: автоматты телефон станциясы, сонымен қатар олардың арасындағы байланыс желілері үшін: симметриялық, коаксиальды, байланыстың оптикалық арналары мен желілік қоршау.
Кәсіптік қызметінің түрлері:
Арналық хабар мен телефон байланысының
сызықты-арналық қондырғыларына пайдалану-техникалық қызмет көрсетуді іске асыру;
Әуе байланыс желілеріне, қала аралық және облыс аралық байланыс арналарына пайдалану-техникалық қызмет көрсетуге қатысу.

Оқыту мерзімі:
Негізгі орта білім  базасында – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім  базасында – 2 жыл 10 ай.

Әлеуметтік серіктестер:
"ҚТЖ ҰК" АҚ, "АРЕК"
Қазақ