"Көліктік радио электрондық жабдықтарды техникалық

пайдалану (көлік түріне қарай)"


Біліктілігі: 1310023-Байланыс бойынша электромеханик

Кәсіптік қызметінің аясы:

Жөндеу жұмыстарын орындау мен тағайындалуы бойынша жабдықты қолдануды қамтамасыз ететін радиоэлектронды жабдыққа  (көлік түрлері бойынша) техникалық қызмет көрсету мен техникалық пайдалану бойынша іс-шараларды өткізу мен ұйымдастыру, әрекетке енгізу, монтаждау

Кәсіптік қызметінің нысандары:
- деректерді беру жүйелері мен байланыс желілері (көлік түрлері бойынша);
- радиобайланыс пен сымдық байланыс коммутациясы мен беріліс жүйелері, қондырғылары, аппаратурасы (көлік түрлері бойынша);
- көлік радиоэлектронды жабдығы;
радиоэлектронды жабдықты жөндеу мен техникалық қызмет көрсету, пайдалану, монтаждау, әрекетке енгізу, функциясын бақылау бойынша технологиялық үрдістер (көлік түрлері бойынша);
- жөндеу-пайдалану мекемелері мен көлік нысандарындағы радиоэлектронды жабдық пен байланыс жүйелеріне қызмет көрсету технологиясы;
- нормативтік-техникалық құжаттама.
Берілген мамандық бойынша колледжді аяқтаған студенттер байланыс жабдықтарын жөндеу және пайдаланумен айналысады, «ҚТЖ»ҰК»АҚ мекемелерінің байланыс жүйелерінде немесе метрополитенде, жобалық ұйымдарда, сонымен қатар «Транстелеком», «Астанателеком» коммерциялық ұйымдарында немесе ұялы байланыс операторлары механигі және электромеханик болып жұмыс жасайды.

 

Оқыту мерзімі:
Негізгі орта білім  базасында – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім  базасында – 2 жыл 10 ай.
 

Әлеуметтік серіктестер:

  •  «Қазақстан Темір Жолы»ҰК”АҚ 
  •  «Авис Плюс»ЖШС
  • «ҚТЖ”ҰК”АҚ Астана сигнализация мен байланыс  дистанциясы» филиалы
  • «Транстелеком»АҚ