Мерейлі жылдың үздік студенті

Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 75 жылдық мерей тойына орай 7 қыркүйек күні «Үздік студент» байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқау колледж директорының басшылығымен ұйымдастырылып, жеңімпазға директордың арнайы сыйлығы – 75 000 теңгенің сертификаты табысталады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан басталған байқау 2020 жылдың 30 маусымына дейін жалғасып, колледжіміздің сабақ үлгерімі жақсы, қоғамдық іс шараларға белсене қатысып колледждің мерейін қалалық, республикалық деңгейде көтеріп жүрген жетістіктері мол, ең үзлдік студенттер қатысты. Бірнеше кезеңдер бойы үздіктердің үздігі сараланып келіп ақтық айқасқа әр бөлімнен бір студенттен қатысып, бар күштерін салды.

Колледждің күндізгі бөлімінің ең үздік студенттері қатысып тартысты өткен байқаудың жеңімпазы болып, қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы, жас ақын, оқу үздігі 3ЭМ-418 тобының студенті Құрманаева Әсел Бауыржан қызы танылды. Жеңімпазды марапаттау рәсімі колледжіміздің 75 жылдық мерей тойына арналған салтанатты жыйында табысталатын болады.