Марапат құтты болсын!

Колледжіміздің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында тәжірибелі ұстаздарымыз ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталып, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегерлері атанды.

Атап өтсек, Матвеева Лариса Ивановна- колледжде 1989 жылдан қызмет етеді. 2015 жылдан бастап директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары. Ұзақ жылғы еңбегі және жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Ахметова Айгүл Төлеубаевна - Жоғары көлік және коммуникация «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі. Білім саласындағы еңбек өтілі- 23 жыл. Жоғары білікті оқытушы. Үнемі ізденістегі талантты педагог, білімді де білікті ұстаз, шығармашыл тұлға. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін және колледждің 75 жылдық мерейтойына орай ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Каримова Айгүл Консовна- Жоғары көлік және коммуникация колледжінде 2010 жылдың 1 қыркүйегінен қызмет атқарады. 2011 жылдан бастап «Тартқыш жылжымалы құрам және жол машиналары» кафедрасының меңгерушісі. Ол біліктілігі жоғары деңгейдегі оқытушылардың бірі. Оқытушыларды және студентерді жұмылдыра білген талантты педагог, білімді де білікті ұстаз. Колледжде жас ұрпақтарды тәрбиелеуде және оларға білім берудегі жеткен жетістіктері үшін ҚР Конституция күні мерекесіне орай ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі елеулі еңбегі, еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен марапатталды.

Муравьева Светлана Анатольевна- Жоғары көлік және коммуникация колледжінің арнайы пәндер оқытушысы. Нұр- Сұлтан қаласы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының арасындағы «Үздік педагог» қалалық конкурсына қатысып, І орын иеленді. Ол колледжде 2018 жылдан қызмет атқарады. Қазіргі уақытқа дейін «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық техникалық және кәсіптік білім беруге арналған оқу басылымдарының сарапшысы, сонымен қатар «Worldskills» аймақтық чемпионатына «Электромонтаждау» құзыреті бойынша студенттерді даярлап жүлделі орындарды иеленді.

Ұстаздарымыз ұжымда абыройлы еңбек етіп, колледждің оқу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда қалтқысыз қызмет атқаруда.
Өз ісінің кәсіби білгірлері. Мерейлі мемлекеттік марапаттар өз иесін тауып отыр. Құрметті ұстаздар, марапаттарыңыз құтты болсын дегіміз келеді. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметте мол табыстар тілейміз!

С. Хайруллина