«Колледжім- қара шаңырағым» атты жас ақындар мүшайрасы

Колледжіміздің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында «Колледжім- қара шаңырағым» атты жас ақындар мүшайрасы өтті. Биылғы іс- шараның басты ерекшелігі – қашықтықтан ұйымдастырылуы. Мүшайра колледжіміздің Жастар комитетінің, қазақ тілі және қазақ әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен өтті. ZOOM платформасында ұйымдастырылған шараға 1-4 курс студенттері, ал оқытушыларымыз көрермен ретінде қатысты. Қашықтықтан өткен іс- шараны Жастар комитетінің жетекшісі Бақыт Ұланбек Бақытұлы жүргізді.
Алғысөзді әділқазылар алқасының мүшесі Айгүл Төлеубаевна сөйледі.
- Қадірменді жырсүйер қауым! Сіздерді колледжіміздің 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Ақынын аялаған, өнерлі ұл – қызын ерекше бағалаған қазақ халықтың рухы – өнерімен бірге жасай берсін!- дей отырып, жас ақындарымызға сәттілік тіледі.
Келесі сөз кезегі осы игі іс-шараның ұйымдастырушысы болып отырған қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Гүлжібек Картаевнаға берілді. Ол жастарға алғысын айта отырып, жастарды үлгі болуға, өнерлі болуға, білім мен ғылымға құштар болуға шақырды. Осы ұйымдастырылған іс- шараға атсалысқан ақындарға және қатысушыларға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.
Жыр додасының әділқазылар алқасының мүшелері:
1.Ахметова Айгүл Төлеубаевна – «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, әділқазылар алқасының төрайымы.
2.Сейтмұратов Нұрболат Сейітқазыұлы – ҚР мәдениет саласының үздігі, колледжіміздің көркемдік жетекшісі, қазылар алқасының мүшесі.
3.Ахметова Гүлжібек Картаевна – «Қазақ тілі әне әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі.

Мүшайраға 11жас ақын қатысты. Жыр додасы екі кезеңнен тұрды:
1-кезеңде жас ақындардың тақырыпқа сай әзірлеген өлеңдері жинақталды.
2-кезеңде жас ақындарымыз өлеңдерін оқып бейнебаян түсірді.
Барша қатысушылармен бірге көрермендер де бейнебаяндарды тамашалай отырып, колледжімізді мәртебесін асқақтатар жырларға, қара шаңырақтың қасиетін ұлықтар қара өлеңге тәнті болды. Соның бір дәлелі мына жолдар:
Өзіңнен жырақ кетсем сағынамын,
Жаныңнан әрқашанда табыламын.
Бағыт пен бағдар берген болашаққа,
Өзіңсің менің қара шаңырағым.
Қазылар алқасы ақындардың өлеңдерін іріктеу барысында шығарманың тақырыбына мән беріп, мазмұны мен көркемдік сапасына назар аударды. Қазылар алқасының мүшесі Нұрболат Сейітқазыұлы: - «Бүгін жас ақындардың өнерлерін көрдім»-дей отырып, сөз қадірін ұлықтаған, жыр жолдарының маңыздылығын, ақындардың өлең- жыр өрнектеудегі өзіндік ізденістерін атап өтіп, студенттер арасынан үздік өнер көрсеткендерге арнайы орындарды белгіледі.

Байқау нәтижесі бойынша келесі жеңімпаз студенттер алғыс хат және дипломдармен марапатталды:
Бас жүлде – Байқадамов Нұржан, 3ПМ-218 тобының студенті, диплом;
І-орын – Құрманаева Әсел 3ЭМ-418 тобының студенті, І дәрежелі диплом;
ІІ-орын – Сайран Ерсайын, 2ОДД -219 тобының студенті, ІІ дәрежелі диплом;
ІІ-орын – Болғанбаев Ернар, 4ЭТС-217 тобының студенті, ІІ дәрежелі диплом;
ІІІ-орын –Ержанқызы Жанель, 1ОДД-220 тобының студенті, ІІІ дәрежелі диплом;
ІІІ-орын – Нұрланқызы Диана, 3ЭМ-418 тобының студенті, ІІІ дәрежелі диплом берілді.
Жас ақындар мүшайрасына қатысып, белсенділік танытқаны үшін Ержан Нұржүзбай, Зінат Ертайқызы, Әділ Шиналиев, Оразай Мухамад, Серикбай Назым алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі орындарды жеңіп алған жеңімпаздарға алғыс білдіре отырып, олардың жетекшілеріне де алғыс хат бар екендігі атап өтілді.

«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының
меңгерушісі Ахметова Г.К.