Body: 

Іс-шара: Астана қаласы МКҚК "Көлік және коммуникация колледжінің" 70 жылдық мерейтойы

Іс-шараның қатысушылары: Астана қаласының әкімі, ҚР Сенат және Парламент Мәжілісінің депутаттары, Астана мәслихатының депутаттары, ҚР ғылым және білім беру министрлігі, МБ "Білім беру басқармасы", әлеуметтік серіктестер, шетелдік серіктестер, Астана қаласының және басқа аймақ колледждерінің директорлары, сонымен қатар колледждің әр жылдағы түлектері.

2015 жылдың 25 қыркүйегі сағат 10.00-де Конституция көшесі 10 мекен-жайында орналасқан Көлік және коммуникация колледжінде «Ғылым және тәжірибе: техникалық және кәсіптік білімнің инновациялық даму тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция қатысушыларына кіріспе және алғы сөзді сөйлейтіндер: әкім орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы, Астана қаласы білім басқармасының жетекшісі Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі кәсіби-техникалық және орта білімнен кейінгі жетілдіру Департаментінің директоры.

Конференцияда білім жүйесіндегі инновациялық үрдістер, көлік және коммуникация саласында мамандарды дайындаудың мәселелері мен келешегі, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім жүйесі мазмұнының жетілдірілуі жайындағы сұрақтар қарастырылады және талқыланады. Конференцияның секциялық жұмысы 4 бағыт бойынша өтеді. Конференцияға жоғары оқу орындары мен колледждерден 70-тен астам ғылыми тезистер келіп түсті (Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Малайзия, Беларусь Республикасы).

2015 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 11.00-де Бөкейхан көшесі 1 мекен-жайында орналасқан М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында, Астана қаласының әкімі Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлының ашуымен салтанатты іс-шара өткізіледі.

Бірінші бөлімде - құрметті қонақтар тарапынан құттықтау мен марапаттаулар.

Екінші бөлім - қазақ эстрадасы жұлдыздарының және колледждің белсенді жастарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама.


Орынд.: Ж.Туребекова
87016282673; 87051032535