Body: 






«Қарыз бен Қаспақ»

Қыркүйек айының жиырма тоғызыншы жұлдызы күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің №2 студенттер үйі 2021-2022 оқу жылындағы тәрбие жоспарына сай , 60 студентпен Жастар театрында өткізілген Б.Әлімжановтың «Қарыз бен Қаспақ» комедиясына барып қайттық.

«Қарыз бен Қаспақ» комедиясы қазіргі қоғамдағы басты мәселенің бірі, адамдардың жақсы көріну үшін жалған намысқа тырысып қарызданып, кредит алып той жасап, машина мініп жүруін көркем сипаттайды. Айналасына өзін бай сияқты көрсетіп жүрген, қазіргі кездің адамдарын режиссер Б.Әлімжанов Қаспақ арқылы комедиямен өте керемет жеткізген. Аталмыш қойылым біздің студенттерге жақсы бір өмірлік ой қалыптастырды деп үміттенеміз.