Мамандығы 07160500 «Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)».

Біліктілігі 4S07160503 «Техник-электромеханик».

Оқыту тілі: мемлекеттік, орыс.


Оқыту мерзімі:

Негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай.
«Техник-электромеханик» - бұл маман тартқыш жылжымалы құрамды монтаждау, жөндеу, оған техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырады. Ол локомотивтерді жөндеуші слесарь жұмыстарын атқарады. Сондай-ақ, теміржолдың жылжымалы құрамының негізгі тораптарына қызмет көрсетеді. Техник-электромеханик – электровоз бен тепловоздың жүру бағытының арасындағы нұсқаулықты сақтау арқылы тартқыш жылжымалы құрамның жұмысын реттейді.

Әлеуметтік серіктестер:«ҚТЖ»ҰК»АҚ филиалы, «Локомотив» Астана пайдаланушылық локомотив депосы, «Локомотив сервис орталығы» АҚ, «Астана темір жол шаруашылығы» ЖШС, «Атбасар электро-жөндеу заводы», «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ