Мамандығы 10410300 «Автомобиль көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» .

Біліктілігі «Техник».

Оқыту тілі: мемлекеттік, орыс.


Оқыту мерзімі:

Негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай.
«Техник» - бұл маман жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мен жүк көлігінің құралдарын есепке алу, тіркеу және оның техникалық құжаттарымен жұмыстар жүргізеді. Техник- жылжымалы құрамның жұмысы мен өндірістік бағдарламаларды әзірлеудің тиімді әдістерін меңгерген, жолаушылардың қауіпсіздігі, жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін маман.

Әлеуметтік серіктестер:«Жолаушылар тасымалы орталығы» ЖШС, Астана қаласының «№1,2 автобус парктері» ЖШС