Мамандығы 07140800 «Темір жол көлігінде жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану» .

Біліктілігі 4S07140801 «Байланыс техник-электромеханигі» .

Оқыту тілі: мемлекеттік, орыс.


Оқыту мерзімі:

Негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай.
«Байланыс техник-электромеханигі» - бұл маман жедел-технологиялық байланыс жүйелерінің құрылысы мен монтаждау жұмыстарын жүргізеді. Ол жөндеу жұмыстарын жүргізетін механикаландырылған бригадалардың жұмысын ұйымдастырады. Байланыс техник-электромеханигі - байланыс желісі жүйелердің параметрлерін анықтау үшін өлшеу жүргізеді. Сонымен қатар, аппаратураның түрлері бойынша техникалық белгілерін анықтайтын маман.

Әлеуметтік серіктестер: «Қазақстан Темір Жолы»ҰК”АҚ , «Авис Плюс»ЖШС, «ҚТЖ”ҰК”АҚ Астана сигнализация мен байланыс дистанциясы» филиалы, «Транстелеком»АҚ