Body: 






World Cleanup day 2021

18 қыркүйек күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінің «Жас Сарбаз» спорттық-патриоттық тобы бүкіләлемдік «World Cleanup day 2021» акциясы және республикалық «Birge taza Qazaqstan» акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ағаштар отырғызу жалпы қалалық сенбілігіне қатысты. Әлемнің 150-ден астам елінен 380 миллионнан астам адам қатысып жатқан бұл экологиялық акция сенбіліктер ұйымдастырып, ағаш отырғызумен қатар жастарды табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелейді. Осы мақсатта елордамыздың саябақтарын көгалдандыруға атсалысқан жас сарбаздар 200-ден аса ағаш отырғызды.
Өскелең ұрпақты өнегелі іске үйрететін акциялардың барлығына белсене қатысатын «Жас Сарбаз» ұйымына зор алғысымызды білдіреміз.




«Жас Сарбаз» тобының жетекшісі С.Бекболатұлы