Body: 






Жалпықалалық сенбілік

«Таза әлем» жобасы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке Жоғары көлік және коммуникация колледжі де белсене қатысты.
Жоғарғы курстардың оқу топтары арнайы белгіленген жоспар бойынша колледж ауласымен қатар колледж жанындағы көшелерді де тазартып, қаламыздың көркеюіне атсалысты.
Сенбілік аясында колледж ауласы мен колледж маңындағы аумақтар тазаланып сонымен қатар колледждің студенттер үйінде де сенбілік жұмыстары жүргізілді. Барлық қатысушылар еңбек құралдарымен қамтамасыз етілді.
Аталған шараға жоғарғы курстартдың оқу топтарының студенттерімен қатар оқытушылар мен колледж қызметкерлері де белсене қатысты. Елордамыздың сәнін келтіруге атсалысқан отаншыл жастарымыз бен оқытушыларымызды ынталандыру мақсатында сенбілік жұмыстары әсем әуенмен өрнектеліп отырды.




Директордың ТІЖ орынбасары Мырзағалиева Г.