Body: 





04.01.2022

АТТЕСТАЦИЯ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІБИЛІГІНЕ БАҒА БЕРУ

Педагогтарды аттестаттау - олардың кәсібилігін бағалаудың ең маңызды тәсілі. Білім беру сапасын арттыру және педагог жұмысының сапасына әсер етуші тетіктердің бірі - педагог қызметкерлерді аттестаттау болып табылады. Аттестаттаудан өту педагогтің жеке және кәсіби өсуіне, оның еңбек сапасын арттыруға, шығармашылығын дамытуға ықпал етеді, еңбекақы төлеуді саралау арқылы әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді, яғни педагог үшін аттестаттау оның табыстылығын көрсету, кәсібилікті арттыруға ынталандыру болып табылады.

Педагогтарға біліктілік санатын берудің (растаудың) жаңа қағидалары бойынша аттестаттаудан өту екі кезеңде жүргізіледі: ұлттық біліктілік тестілеуін (ҰКТ) тапсыру, педагог портфолиосына сараптама жүргізу.

Осы оқу жылында кезекті және мерзімінен бұрын аттестаттаудан жалпы білім беретін және арнайы пәндердің 15 оқытушысы сәтті өтті, олардың қатарында "Педагог – зерттеуші" Р. С. Ермаханова, "Педагог-сарапшы" С. А. Алимова, Ж. Ж. Альжапарова, А. Е. Барат, Б. Т. Сапаров, К. Т. Сеитова, Е. Г. Туловская, "Педагог-модератор" Р.Ш. Аманжолова, Т.Н. Естемесов, М.А. Наурызбаев, Б.М. Нағызқанова, М.С. Нысанбаева, Ш. Е. Орынова, Г. Б Сванова, Б. А.Тамбиев бар.

Әріптестерімізге шығармашылық табыс, сарқылмас қуат, алдағы уақытта кәсіби жетістіктер мен жеңістер, педагогикалық шеберлік деңгейлерін үнемі арттырып, талантты жас ұрпақты тәрбиелей берулеріне тілектеспіз. Сүйікті істеріңіз - жарқын эмоциялар мен әрқашан алға ұмтылуға мүмкіндік берсін!




Әдіскер С. Хайруллина