Body: 





30.04.2022

Бейбітшілік – ел тілегі

2022 жылдың 30 сәуірінде «1 мамыр – Қазақстан Республикасы Халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай колледжде «Бейбітшілік – ел тілегі» атты мерекелік концерт өтті.

Іс-шараның шымылдығын ашқан Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорлар кеңесінің төрағасы, колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Ғайыпов мерекенің шығу тарихына тоқталды. Құттықтау сөзі барысында ұжым басшысы колледжде бірнеше ұлт өкілдерінің тату-тәтті еңбек етіп, алдарына қойған мақсаттарына бірге жетіп жатқандарын тілге тиек етті. Колледж директорының құттықтауынан кейін концерттің қонағы республикалық байқаулардың лауреаты Маржан Исаева «Қазағым-ай» әнін тарту етті.

Мерекеге сай безендірілген мәжіліс залында салтанат пен мерекенің әсері білініп тұрды. Концерттік бағдарлама өзінің әр алуан репертуарымен қызықтырды: халық билері, әр түрлі тілде орындалған әндер мен өлеңдер көрермендерді түрлі әсерге бөледі.

Кеш қонақтары Республикалық байқаулардың лауреаттары Гүлшат Жолдыбайқызы мен Маржан Исаева өзге ұлт өкілдерінің әндерін тарту етіп, Аймағанбетов Мейрам Нұрланұлы Құрманғазының «Сарыарқа» күйін орындады. «Мерей» халық би-ансамблі «Қазақ» жіне «Түрік» ұлттық билерін орындады. Концерт соңында Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін Нұрболат Сейтмұратов орындап, концертті қорытындылады.

Мерекелік концертке келген көрермендердің есінде ұзақ сақталатындай деңгейде өтті. Концерт соңында естелік суретке түсірілді.



Көркемдік жетекші Н.Сейтмұратов