Body: 





04.05.2022

Жігіт сұлтаны-2022

2022 жылдың 4 мамыр күні 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында колледжішілік 1 және 2 курс студенттерінің ер балалары арасында ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерін, әр ер баланың бойындағы қабілеттерін, өнерін, салт-дәстүр негізінде білімін кеңейтуге, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыруға, ұлттық рухты көтеретін өнерді насихаттау мақсатында «Жігіт сұлтаны-2022» атты сайыс өткізілді.

Қатысушылар «Мен қазақтың ұлымын», «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Білгенге маржан», «Күш атасын танымас» атты 4 кезең бойынша сынға түсті.

Жігіттердің өнері мен тапқырлығын колледждің кәсіптік бағдар және жұмыспен қамту бойынша бөлімінің меңгерушісі Бақытұлы Ұланбек, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Бериков Бағдат Берікұлы және «Астана жастары» КММ жастар бастамаларын қолдау бөлімінің маманы Айтымов Дамир Тастыбайұлы бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша сайыстың ІІІ орынымен 2ОПУД-220 тобының студенті Досжанов Рамазан мен 1РЭТ-221 тобының студенті Кабдрашов Асылжан ие болды. ІІ орынмен 1Д-121 тобының студенті Ержан Нұржан мен 2Д-220 тобының студенті Қожабеков Нұрбақыт марапатталса, сайыстың І орынымен 1РЭТ-121 тобының студенті Алтынбек Мейрамбек тиесілі болды.

Тәуелсіз елдің ұландары осылайша мықтылықтарын танытып, «Жігіт сұлтаны» деген атқа лайық екендіктерін дәлелдеді.

Жігіт сұлтаны-2022 бейнеролик



Жастар комитетінің инспекторы Ералханұлы А.