Body: 





05.05.2022

«Қазақтың текті қыраны» ауызша журнал

2022 жылдың 5 мамырында Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК кітапханашыларының ұйымдастыруымен, «Қазақтың текті қыраны» тақырыбында ауызша журнал өткізілді. Шара барысында, Қазақ ұландарына Отан қорғаудың өшпейтін өнегелі ізін қалдырған, көк жүзінде қаһарман ерліктердің ерекше үлгісін көрсеткен аты аңызға айналған айтулы тұлға Кеңес одағының екі мәрте батыры атағын алған алғашқы қазақ, белгілі ұшқыш Талғат Бигелдиновтың өмірі туралы сыр шертіп, Шығыстан шыққан жалғыз ұшқыштың ерліктері және Талғат Бигелдинов туралы жазылған естеліктер туралы мәліметтер берілді.

Талғат Бигелдинов пен өткізілген жүрек жарды бағдарламасынан үзінді берілген видео фильм көрсетілді. Т Бигелдиновтың шығармаларына арналып кітап көрмесі қойылып, кітаптарға шолу жасалынды. Шара соңында кейіпкердің ерлігі туралы студенттердің білімдерін бекіту мақсатында викторина ойыны ойнатылды.



Кітапхана меңгерушісі: Жунусова Г.