Body: 





02.06.2022

«Колледждер пікірсайыс лигасы - 2022» атты қалалық пікірсайыс турнирі

2022 жылдың мамыр айының 27 жұлдызында Жоғары Көлік және коммуникация колледжінің «Тальго» дебат клубының және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы жанындағы «Ақиқат»  дебат клубының ұйымдастыруымен «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студентер бірлестігінің қолдауымен колледж студенттері арасында «Колледждер пікірсайыс лигасы - 2022» атты қалалық пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты өтті. Елордамыздың 16 колледжінен 70-тен аса студент қатысқан салтанатты жиынға Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Референдумды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің басшысы, ТжКББ мекемелері директорлар кеңесінің төрағасы Ғайыпов Зулфухар Сұлтанұлы, Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Тастемір мырза, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Мәдени-ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері, Ақиқат пікірталас клубының координаторы Оспанова Әсия Әділқызы және ҚР Дебат қозғалысын дамыту бойынша жобалық кеңсе сарапшысы және осы турнирдің бас төрешісі Аслан Төрехан мырза қатысып, жас пікірсайысшыларға ақ тілектерін білдіреді. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін арнайы маман Аслан Төрехан мырза барлық қатысушыларға арнап ауқымды тренинг өткізді. БПФ және АПФ форматтарын қамтыған тренингті колледж студенттері үлкен ықыласпен қабылдап, кеш соңында ұйымдастырушыларға зор алғыстарын айтып тарқасты.