Body: 





02.06.2022

«Колледждер пікірсайыс лигасы - 2022» атты қалалық пікірсайыс турнирі

2022 жылдың маусым айының 2 күні Жоғары Көлік және коммуникация колледжінің «Тальго» дебат клубының және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы жанындағы «Ақиқат» дебат клубының ұйымдастыруымен «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студентер бірлестігінің қолдауымен колледж студенттері арасында «Колледждер пікірсайыс лигасы - 2022» атты қалалық пікірсайыс турнирінің 2 тренингі өтті. Елордамыздың 10 колледжінен 30-дан аса студент қатысқан тренингкті арнайы маман Аслан Төрехан мырза жүргізді. Тренинг басталмас бұрын жаңадан дебатқа қатысып жатқан студенттерге арнап аға буын өкілдері БПФ форматында арнайы ойын көрсетті. Төрт фракцияның арасында өткен тартысты ойын қызу талқыланып барлық қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Ал, Аслан Төрехан мырза ойынның қортындысын шығара келе спикерлердің кеткен қателіктері мен жәберген олқылықтарын жібке тізіп, ондай қателіктер болмас үшін не істеу керек екенін түсіндірді. Төреші тек қателіктерді ғана емес әр фракция тарапынан айтылған сапалы, мәнді, шешен шығарылған аргументтерге тоқталып, жас пікірсайысшыларға аға буын спикерлерін үлгі етті. Екі сағаттан астам өткен тренингтен барлық қатысушылар жаңа ой мен тың идея алып тарқасты.